Алматыдағы Каблуков көшесіне Әбіш Кекілбаевтың аты берілді

Алматыдағы Каблуков көшесіне Әбіш Кекілбаевтың аты берілді

Алматыдағы Каблуков көшесіне Әбіш Кекілбаевтың аты берілді
ашық дереккөзі
Алматыдағы көшелерінің біріне мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді. Енді бұрынғы Каблуков көшесі биыл 80 жасқа толатын Әбіш Кекілбаевтың есімін иеленетін болады. Көшенің ресми ашылуында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі. «Әбіш Кекілбаев өзінің балалық шағы мен өмірінің бақытты сәттерін Алматыда өткізді. Ол өз кезегінде үлкен биіктерге жетті. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Әбіш Кекілбаев тек Қазақстанда ғана емес, басқа да елдер арасында да танымал ұлы тұлға болған. Оның есімі мен шығармашылығы қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады», - деді қала басшысы. Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай, Н. Назарбаев даңғылы, 118 мекен-жайында мемориалдық тақта ашылады. Сонымен қатар Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтеді.