Қ.Өскенбаев: Жыл соңына дейін кезекте тұрған барлық көпбалалы отбасылар үймен қамтылады

Қ.Өскенбаев: Жыл соңына дейін кезекте тұрған барлық көпбалалы отбасылар үймен қамтылады

Қ.Өскенбаев: Жыл соңына дейін кезекте тұрған барлық көпбалалы отбасылар үймен қамтылады
ашық дереккөзі
Жыл соңына дейін жалға берілетін пәтерлер саны 8 мыңға жетпек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.  Вице-министр биыл республика бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына 32,8 миллиард теңге қарастырылғанын айтты. Оның айтуынша, осы ақшаға 6 мыңнан астам пәтер салу немесе дайын баспананы сатып алу жоспарланып отыр. Жалдамалы баспана жекеменшікке берілмейді, жалға алу құқығымен ғана таратылады. "Биыл 6 мың пәтер беріледі деген жоспар болған. Бірақ оның саны артайын деп тұр. Қазірдің өзінде 2 813 жалдамалы баспана берілді. Жыл аяғына дейін осы санаттағы пәтерлердің санын 8 мыңға жеткіземіз деген ойымыз бар", - деді Өскенбаев. Вице-министр жыл сайын орташа есеппен 6 мың жалдамалы пәтер салынса, 2025 жылға дейін осы санаттағы 40 мың баспананы таратуға болатынын жеткізді. Оның сөзінше, осылайша, әкімдік кезегінде тұрған барлық көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамыз етуге мүмкіндік бар.