"Баспанаға мұқтаж болса, әуелі кезекке тұрсын!": елорда әкімдігі заңсыз митингілерді сынады

"Баспанаға мұқтаж болса, әуелі кезекке тұрсын!": елорда әкімдігі заңсыз митингілерді сынады

"Баспанаға мұқтаж болса, әуелі кезекке тұрсын!": елорда әкімдігі заңсыз митингілерді сынады
ашық дереккөзі
 Елорда әкімдігінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық даму басқармасының бастығы Талғат Рахманберді баспана сұрап, заңсыз митингіге шығып жүргендерге заңды түсіндірді.  Қала әкімшілігінің өкілі наразылық білдірушілердің барлық талабы баспана бөлу мәселесіне келіп тірелетінін айтты. Адамдар елорда басшылығының қабылдауларында да өз талабын қойған. "Көптеген әйел тіпті баспана алуға кезекке тұрмай жатып, тұрғын үй мәселесін шешуді талап етеді. Біз баспана қатаң түрде заң аясында берілетінін айтқымыз келеді. Заң бар, қолданыстағы нормалар бар. Бірінші негізгі талап – баспанаға мұқтаж ретінде кезекке тұру керек. Сондықтан пикеттерге, митингілерге шығып, баспана талап ету толығымен заңсыз", - деп хабарлады журналистерге басқарма басшысы. Талғат Рахманберді Қазақстан аумағында бейбіт митингілер, жиындар, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға сәйкес, акция өткізгісі келетіндер қала әкімдігіне өтініш беруі керек екенін еске салды. Ал осы уақытқа дейін көпбалалы аналардан акция өткізу туралы бірде-бір өтініш түспеген.