Жаңалықтар

Трамп өзіне жаңа кеңесші тағайындады

ашық дереккөзі

Трамп өзіне жаңа кеңесші тағайындады

АҚШ Президенті Дональд Трамптың жаңа кеңесшісі тағайындалды. Енді Ақ Үй басшысының ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі міндетін кепілгерлер туралы келіссөз жүргізуші Роберт О'Брайен атқарады. Естеріңізде болса, Трамп Болтонды Солтүстік Корея, Иран, Ауғанстан, Ресей және Венесуэлаға қатысты сыртқы саясат мәселелерінде ортақ тіл табыса аламағандықтан қызметінен босатқан еді. О'Брайен Трамп әкімшілігіндегі бұл лауазымға тағайындалған төртіші адам атанбақ. Ол 2018 жылдың мамыр айынан бері Мемлекеттік департаментте кепілгерлер ісі бойынша арнайы елші болған.