Әр 11 секундта бір өлім: Әлемде жылына 2,8 млн жүкті әйел мен нәресте көз жұмады

Әр 11 секундта бір өлім: Әлемде жылына 2,8 млн жүкті әйел мен нәресте көз жұмады

Әр 11 секундта бір өлім: Әлемде жылына 2,8 млн жүкті әйел мен нәресте көз жұмады
ашық дереккөзі
Соңғы 20 жылда әлемде ана мен бала өлімінің көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді. Алайда БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланған жаңа баяндамағы көрсеткіштер әлі де алаңдатарлық. Жетістіктерге қарамастан, жүктілік немесе босану кезінде әрбір 11 секундта бір әйел немесе шақалақ көз жұмады. БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әзірлеген жаңа баяндамада атап өтілгендей, көбіне мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу мүмкіндігі болған. Бұған Швеция үлгі бола алады. Онда дүниеге келген барлық нәрестелер мен олардың аналары аман қалады. Құжатта әлемдегі ана мен сәби өлім-жітімінің статистикалық мәліметтері келтірілген. 2000 жылдан бастап бала өлімінің деңгейі екі есеге төмендеген, ал ана өлімі – сапалы және қолжетімді медициналық көмектің арқасында үш есеге азайған. Соған қарамастан, әлемде жыл сайын 2,8 млн жүкті әйел мен нәресте қайтыс болады. 2017 жылы жүктілік пен бала босану кезіндегі асқынулар салдарынан 290 мың әйел көз жұмған. 2018 жылы 6,2 млн бала 15 жасқа дейін өмір сүрген. Оның ішінде 5,3 млн бала бес жасқа дейін және жартысы 12 айға дейін көз жұмған. «Әр адамды қауіпсіз, қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін елдерде әйелдер мен балалар аман қалып, әрі қарай өмір сүруде», - деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус. ДДСҰ мен ЮНИСЕФ бірлескен мәлімдемеде дүниежүзі елдерін әйелдер мен балаларды құтқаруға бағытталған шараларды жолға қоюға шақырды. Сарапшылардың атап өтуінше, жүкті әйелдер дұрыс тамақтанбайтын, гигиена сақталмайтын және акушер дәрігерлер жетіспейтін кедей мемлекеттерде нәрестелерге қауіп төнуде. Осы себепті, Сахарадан бастап Африканың оңтүстігіндегі елдерде жүктілік және босану кезінде әйелдердің ажал құшу көрсеткіші бай өңірлерге қарағанда 50 есе жоғары. Балалар өлімі бойынша статистика да осындай. «Бүкіл әлемде баланың дүниеге келуі – қуанышты оқиға. Соған қарамастан, әрбір 11-секунд кейбіреулер үшін отбасылық қасіретке айналып отыр», - деді ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Форе. Баяндама дерегі бойынша, 2018 жылы Сахарадан бастап Африканың оңтүстігіндегі елдерде бес жасқа толмаған әрбір 13-бала көз жұмса, Еуропа елдерінде бұл қайғылы жағдай әрбір 196 балаға тән. ЮНИСЕФ сарапшылары Оңтүстік Азиядағы ана мен бала өлімінің жоғары деңгейіне алаңдаулы. Осындай статистикалардың басты себебі – кедейлік пен теңсіздік.