Күн сайын шомылу денсаулыққа қауіп төндіреді

Күн сайын шомылу денсаулыққа қауіп төндіреді

Күн сайын шомылу денсаулыққа қауіп төндіреді
ашық дереккөзі
Бүгінде адамдар тым жиі шомылуды әдетке айналдырған. Дермотолог дәрігерлердің пікірінше, мұның денсаулыққа кері әсері көп.  Медикфорум порталының хабарлауынша, душты күнде қабылдау сабын мен сусабын өндірушілерге ғана пайдалы. Ал ағзаның қорғаныс бөгеті төмендейді. Ыстық сумен жиі шомылу теріні құрғатып, микросызаттар түсіреді. Сусабындар мен сабын қолдану пайдалы бактериялардың көзін жойып, инфекцияның дамуын жылдамдатуы мүмкін. Одан қалды адамдардың көпшілігі душта да, ваннада да ұзақ шомылады. Терінің қорғаныс бөгетін төмендетпес үшін шомылу уақыты 15 минуттан аспауы тиіс. Су температурасынан да қауіп төнуі мүмкін. Мамандар қатты ыстық су жүрек талмасына да әкеп соғатынын алға тартады. Яғни бұдан төнетін қауіп физикалық ауыртпалықтарға қарағанда бес есе жоғары. «Денені таза ұстағыңыз келсе, киім-кешекті жиі жуып, күнделікті ауыстырып отырыңыз. Әсіресе киімнің мақтадан тігілгеніне мән беріңіз», – дейді дәрігерлер.