19 Қыркүйек, 12:37 450 0 Экономика Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Қазақстан 2 млн тонна көмір экспорттайды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында қабылданған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қа­лаларын заманауи инфрақұрылымы бар ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде белгілеумен, елдің макроаймақтарын қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру және елдік көлік инфра­құ­­рылымын халықаралық көлік жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Яғни, мемлекеттік бағдарлама аза­маттар үшін тұрғын үй қол­же­тімділігін жо­­ғарылату, кәсіпкерлік субъек­тілерінің бәсекеге қабілетін арт­тыру, отандық машина құрастыруды қол­дау, экспортты қолдау тәрізді бағыттарын іске асыруға жауап береді.

Экономиканың жекелеген секторла­рын, өңдеу өнеркәсібінің отандық экс­порт­қа шығарушыларды қолдау жөніндегі шараларды  іске асыру және басқа іс-шаралар  өндірістің ағымдағы көлемін, қазіргі жұмыс орындарын сақтауды, сон­дай-ақ,  сыртқы нарықта конъюк­ту­раның нашарлауы жағдайында жаңа жұ­мыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.

Тұтас алғанда, инфрақұрылымды да­мы­ту арқылы  мемлекеттік инвес­тиция­ларды  ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта   тұрақты өрлеуге  алғышарт болады деуге негіз бар.

Экспорт демекші, биыл Қазақстан Қы­тай арқылы жылына 2 млн тонна көмір экспортқа шығарады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр: «Бүгінде бұл бағыттағы тиімді жұмысты байқап отырмыз. Мұндай тәжірибені жалғастыру Жаңа Жібек жолын нығайтып, дамыта түсуге қызмет ететін болады. Біз көлік-логистикалық қуатты одан ары дамытуға, көліктік әлеуетті толыққанды пайдалануға ниет­тіміз. Бұл өзара тиімді тауар ай­налымын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Мемлекет басшысының сапары аясында жылына 2 млн тоннаға жуық Қазақстан көмірін Қытайдың Ляньюнгань порты арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тасымалдау туралы алдын ала уағда­лас­тыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар Прези­денттің сапары аясында авиа­циялық іздеу және азаматтық кемелерді құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы өте маңызды үкіметаралық келісімге қол қойылды», – деді.  Сонымен қатар, министр Қазақстан мен Қытайдың терминалдарды және көліктік инфра­құ­рылымдарды бір­лесіп пайдаланудың әлеуеті зор екендігін баса айтты. Бұл бағыттағы екі елдің ынтымақтастығы контейнерлік тасымал­дың арта түсуіне септігін тигізеді. «Нұрлы жол» бағ­дар­ла­масын «Бір жол – бір белдеу» баст­а­масымен түйіндестіру жоспарын жүзеге асыру аясында 4 жылдың ішінде Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы контей­­нер­лік тасымал көлемі 15 есе өсті. Бұл бағытта 2014 жылы контейнерлік жүк тасымалының көлемі 21 мың болса, өткен жылдың қорытындысында 310 мың контейнерге жетті. Жыл сайынғы өсім 50 пайыздан асып түседі», – деді Р.Скляр.

 

Соңғы жаңалықтар