Алты ғасыр арыдан аман жеткен Тайқазан

Сондай-ақ!

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Күнқожа Қайрулла: Бесқала жыршылық мәнері көмескіленіп барады

Өзге елде жарық дүние есігін ашса да, атажұртына оралған соң сырттағы қандастарымыз жасаған мәдени-рухани байлықты паш етіп, оның мән-маңызын зерделеп жүрген талапты жастар аз...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлан-байтақ Ұлы далада кең көсілген қазақ елінде отырық­шы­лық – қала мәде­ниеті ежелден бар. Бү­гінгі Қазақстан аума­ғында Отырар, Сы­ға­нақ, Сайрам, Тараз, Ба­ла­сағұн, Жент, Жанкент секілді қалалар кезінде әлемге белгілі болған шаһарлар еді. Соның бірі – күллі мұсылман дүниесі рухани орталық санайтын Түркістан қаласы.

Түркістан қаласының атын әйгілі қылған мұндағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі болса, кесенеге көрік бер­ген әйгілі Тайқазан мен қос шы­ра­ғдан қоя­тын қола тұғыр (оны 1397 жылы жаса­ған исфахандық Абд Из ад-дин Тәж ад-Дин) еді. Бірақ за­ман­ның аласа­пы­ранында осы жәді­гер­ліктер о бастағы орнынан қозғалып, 1935 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Иран шеберлерінің III Халық­ара­лық конфе­рен­циясына көр­сетуге әке­ті­ліп, 55 жылдан соң Тай­қа­зан ғана Қожа Ахмет Ясауи ке­се­несіне қайта оралды.

Жалпыға мәлім, Тайқазан аты әлем­­ге әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің бұй­­ры­ғы­мен 1399 жылы 25 маусымда (мұ­сыл­манша айт­сақ, хижраның 801 жы­лы, шаууал айы­ның 20-сы күні) Түр­кіс­тан қаласының маң­ындағы Қар­нақ елді мекенінде құйыл­ған. Оны жа­саған иран шебері Әбділ Әзиз Ша­ра­фаддин Тебризи. Зерттеу­ші­лер­дің ай­туынша қазан мыс, мырыш, ал­тын, күміс, қола, қорғасын, темір секілді же­ті металдың қоспасынан жасалған кө­рінеді.

Қазанның салмағы 2 тонна, сыйым­дылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі – 2,42 метр. Тұғырының биік­тігі – 0,54 метр, диаметрі – 0,607м. Тай­қазанның сыртқы бөлігі бес бөлікке бөлініп өрнектелген. Құран Кәрім аяты­нан үзінді, Мұхаммед Пайғамбар хадисі, қазанның кімге арнап жасалғаны, құйы­лып біткен уақыты,  қазанды жа­са­ған шебердің өз аты-жөні,  парсыша тілек сөз,  Құдайдың құдыреті жайлы ескерту сөз жазылған.

Тайқазан, шын мәнінде әлемде теңдесі жоқ жәдігерліктің бірі. Кеңес Одағы ке­зін­де Қазақстанның қалауынсыз Тай­қа­занды тарихи орнынан қозғап, Санкт-Петербургтегі Эрмитаж музейіне алып кеткен орталық үкімет ұзақ уақыт өктем­дік жасап, қайтармай қойды. Дегенмен Тай­қазанды қайтару үшін бірнеше рет әрекет жасалып, 1989 жылға дейін оның бәрі сәтсіз аяқталған.

Қазақстан Республикасы Президенті ар­хивінде Тайқазанға қатысты аса құнды құжаттар сақталған. Сол құжаттардан Тай­қа­занды Түркістанға қайтару туралы дін­дарлар қауымының өкілдерінің бір­не­ше рет өтініш жасағанын көруге болады. Сон­дай-ақ мұрағатта 1937 жылы, сол уа­қытта ҚазКСР ағарту ісінің халық ко­мис­сары Темірбек Жүргеновтің қазан мен екі шы­рағ­дан қойғышты Қожа Ахмет Ясауи мешітіне қайтару туралы өтініш білдіріп, Бүкілодақтық комитеттің өнер істері бо­йын­ша бөліміне жазған хаты сақталған. Осы­дан кейін аталған мәселе бойынша РСФСР мен Қазақстанның арасында бір­неше рет хат алмасулар болып, сол кез­дер­де Эрмитаждың директоры болған Иосиф Орбели Тайқазанды қайтарғысы кел­мей, мәселені басқаша жолмен шеш­кісі келіп, Эрмитаж қорынан қазақ­стан­дық мұра­жай­­­ларды байыта түсетін экспо­нат­тар бө­­луге келісуді ұсынды. Сөйтіп КСРО Ха­лық комиссарлар кеңесі жанын­да­ғы өнер істері бойынша Комитет бұл бірегей ес­керт­кіштердің орнына Қазақ­стан­ға ерек­ше көркем туындыларды бе­ру­ге келісті. Осы­лайша Тайқазан Мем­ле­кет­тік Эрми­таж мұражайында ұзақ уақыт тұрып қалды.

Дегенмен Қазақстанның тұңғыш пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лы­ғымен Тайқазанды елге қайтару үшін мәселе қайта қозғалып, КСРО Жоғарғы Кеңе­­сінің рұқсатымен 1989 жылдың 18 қыркүйегінде Тайқазан отанына оралып, өзінің бұрынғы орны Түркістандағы Қо­жа Ах­мет Ясауи кесенесіндегі тұғырына қойыл­ды.

Әрине, Тайқазанның елге оралуына ең­бек сіңірген азаматтар көп, оның ішін­де қазақтың біртуар перзенті, ғалым эт­но­граф, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің, сондай-ақ сол тұста Түр­кіс­тан қалалық партия комитетінің бірін­ші хатшысы болып қызмет атқарған, Тай­қазан мәселесімен тікелей айналыс­қан қоғам қайраткері, қаламгер Нұридін Балқияұлының есімін ерекше атап өтуге болады.

Бүгінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде айбынданып тұрған алып Тайқазанның жасалғанына 620 жыл болса, елімізге қайта оралғанына 30 жыл то­лып отыр. Тайқазанның оралуы – тәуелсіз Қа­зақстанның рухани жеңісі!

P.S.

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мем­ле­кет­­­тік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйым­дас­­ты­руымен Тайқа­зан­ның құйылғанына 620 жыл және елімізге орал­ға­нына 30 жыл толуына орай  «Қайта оралған жәдігер» атты көрме өтті. Көрмеге келген ғалым­дар, Түр­кіс­тан қала­сы­ның Құрметті азамат­та­ры, түрлі қоғам­дық ұйым мүшелері, сту­дент­тер мен мектеп оқу­шы­лары, қала тұрғын­да­ры мен қонақтар көрмеге қойылған 50-ге жуық жәдігерліктерді тама­ша­лады. Әсіресе, көрмеге қойылған 1935 жылы Тай­қазанды Санкт-Петер­бур­гке  алып бара жатқан сәттің фотолары және 1989 жылы Эрмитаж музейінен Тайқазанды шығарып жатқан кезде түсірілген суреттер келу­шілерге ерекше әсер етті.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...