Марат Тәжин қызметінен босатылды

18 қыркүйек, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Марат Тәжин қызметінен босатылды Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бұл қызметке Қырымбек Көшербаев тағайындалды. «Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын», – делінген Жарлықта.