Жаңалықтар

Түркістанда «Денсаулық фестивалі – 2019» шарасы өтті

ашық дереккөзі

Түркістанда «Денсаулық фестивалі – 2019» шарасы өтті

 Түркістан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» ауқымды іс-шарасы өтті.

Осымен 20-мәрте ұйымдастырылған фестиваль «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 10 мыңға жуық қала тұрғындары және мекеме-ұйым қызметкерлерінің жаппай қатысуымен таңғы жаттығу жасаудан басталды. Сондай-ақ, қаладағы «Парасат» саябағынан «Арбат» демалыс аймағына дейін велошеру ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев «Денсаулық» қалашығындағы дәрігерлердің жұмысымен танысты. Фестиваль аясында Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық этномәдени бірлестіктердің «Қазақтану» жобасы –  «Қазақ дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесінде 9 этномәдени бірлестік қазақтың ұмыт болған ұлттық  тағамдарын назарға ұсынды. Сонымен қатар мәдени-спорттық бағдарламалар ұйымдастырылып, жиынға келген жұрт түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татты.