18 Қыркүйек, 14:44 414 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыда тағы да апат: Бір отбасының үш баласын көлік қақты

Алматыда бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті, деп хабарлады Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға Ұлжан шағын ауданындағы №152 мектептің маңында Тәкежанов көшесінде болған. «18 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы 9, 6, 5 жастағы үш баланы жеткізді. Балаларды Ұлжан шағын ауданында көлік қағып кетті. 5 және 6 жастағы балалардың кеуде қуысы органдары соққысы алған. 9 жастағы бала жеңіл жарақат алған. Сондықтан ол амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді. Ал 5 және 6 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Белгілі болғандай, анасы мен балалары жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.

Соңғы жаңалықтар