Елордалық қарттарға мерекеге орай бір реттік төлем беріледі

Елордалық қарттарға мерекеге орай бір реттік төлем беріледі

Елордалық қарттарға мерекеге орай бір реттік төлем беріледі
ашық дереккөзі
1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні мерекесі аталып өтеді. Аталмыш күнге орай жыл сайын жасы бойынша зейнетке шыққан елордалықтарға әкімдік бір реттік ақшалай төлем береді. Биылғы жылы бұл сомма 6313 теңгені құрап отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайтында хабарланды.  «Нұр-сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнеткерлерге (зейнетақы жасы әйелдер үшін – 58 жас, ерлер үшін – 63 жыл) есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын», - делінген ақпаратта. Басқарма қызмет ету туралы келісімшартқа тұрған келесі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана аталмыш төлемді кедергісіз жібере алады. Олардың қатарында: Альфа Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank, Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank  және Қазпошта бар. Басқа банкте шоттары бар азаматтар аталған банктердің бірінен шот ашуы керек.