Путин мұнай алпауыттарын Құран сөзінен сабақ алуға шақырды

Путин мұнай алпауыттарын Құран сөзінен сабақ алуға шақырды

Путин мұнай алпауыттарын Құран сөзінен сабақ алуға шақырды
ашық дереккөзі
Ресей басшысы Владимир Путин Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына жасалған шабуыл туралы сұраққа Құран сөзімен жауап берді. "Түркияда жүргенде мен қасиетті Құранның "Алланың мейірімділігін есіңе ал. Бір кезде жау болдың, Алла сенің жүректеріңді татуластырып, бауыр қылды" деген жолдарды еске түсірмеу мүмкін емес. Меніңше, біз осыдан бастауымыз керек", - деді ол Түркия президенті Тайып Ердоғанмен және Иран президенті Хасан Руханимен кездесуден кейін. Ресей басшысы саммитте Сауд Арабиясының мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуыл талқыланбағанын атап өтті, бірақ Ресейдің бұл мәселедегі ұстанымы белгілі. Оның айтуынша, бұл дағдарысты шешудің ең жақсы тәсілі - бұл жанжалға қатысқан барлық тараптардың келісімі. 14 қыркүйек күні таңертең Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының аумағында өрт болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт адамсыз ұшу аппараттарының шабуылы нәтижесінде басталған. Шабуыл үшін жауапкершілікті хуситтік йемендік көтерілісшілер өз мойнына алды. Кейінірек Америка Құрама Штаты Иранды "әлемдік қуат көздеріне шабуыл жасады" деп айыптап, әлемдік қауымдастықты агрессияны айыптауға және Иранды жауапкершілікке тарту үшін барлығын жасауға шақырды. АҚШ сенаторы Линдси Грэм Иранның мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды ұсынды.