Жаңалықтар

Атырауда Хиуаз Доспанованың ескерткіші бой көтерді

ашық дереккөзі

Атырауда Хиуаз Доспанованың ескерткіші бой көтерді

Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға ескерткіш қойылды. Қазақтың қаһарман қызының ерлігіне бас иген жерлестерінің бастамасымен ескерткіш қаладағы халықаралық әуежай алаңында бой көтерді. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты. «Ел басына күн туған сәтте ер азаматтармен бірге сапқа тұрды. Мәншүк, Әлия, Хиуаз. Ешкім оларды міндеттемеді. Жүрек қалауымен елдің болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасымен елдің даму стратегиясында көрсетілген межелердің бірегейі – әйел қауымына үлкен құрмет көрсету. Сондықтан да бүгінгі салтанатты шара барша аналарымызға, қазақ қыздарына соның ішінде бірегейі – Хиуаз Доспановаға құрмет», – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. Атырау Халықаралық әуежайына орналасқан ескерткіштің биіктігі – 2 метр 30 сантиметр. Қоладан құйылған ескерткіште Хиуаз Доспанованың соғысқа аттанған бойжеткен қалпы сақталған.