Ермұхамет Ертісбаев: Бізге Әблязовтің экстремизмі керек емес

Ермұхамет Ертісбаев: Бізге Әблязовтің экстремизмі керек емес

Ермұхамет Ертісбаев: Бізге Әблязовтің экстремизмі керек емес
ашық дереккөзі
Мұхтар Аблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының қозғаушы күші жоқ. 13 қыркүйекте қашқын банкирмен пікірталасқа түскен Ермұхамет Ертісбаев «Литер» газетінде жарық көрген мақаласында осындай пікір білдірді. Мемлекеттік билік өкілдерінің алаяқпен байланыспағаның дұрыс деген ескертулеріне қарамастан, Әблязовпен пікір жарыстырған Ертісбаев бұл әрекеті арқылы интернет пен наразылықтар арасындағы себеп-салдарлық байланыс мәселесіне қоғам назарын аударуды көздеген. «Қандай әлеуметтік топтар Әблязовтың қозғаушы күші болып отыр? Зауыттар мен өндірістер ме? Жоқ. Мұғалімдер мен студенттер? Жоқ. Мұғалімдер, дәрігерлер, қызмет көрсету саласының мамандары ма? Жоқ. Шағын және орта кәсіп иегерлері ме? Жоқ {.....}», - деген Ертісбаев Әблязовтың халық туралы жиі айтатындығын, дегенмен халықтың өзі абстрактілі түсінік екенін алға тартты. Яғни халық белгілі бір әлеуметтік топтардан, аты-жөні бар тірі адамдардан тұрады. «Демократия – бұл азшылықтың құқығын сыйлайтын көпшіліктің билігі. Рұқсат етілген шерулер өткізуде билік пен қоғам азшылықтың құқығын құрметтейді, бірақ азшылық та көпшіліктің құқығын құрметтеуі тиіс», – дейді Ермұхамет Ертісбаев. Ол елде рұқсат етілмеген шерулер өтер алдында өзінің бар таныс-білістері, достары өз балаларына «мынадай күні мынадай уақытта көшеге шығушы болма» деп айтатындығын алға тартады. «Сондай шерулер өткен күні тұрғындардан қаншама шағым түседі, әлбетте терезенің алдында ығы-жығы, шу, полиция көліктерінің дабылы. Мұндай күндері көбі жоспарларын кейінге ысыра тұрып, қаладан шығып кетуге тырысады», – деген Ертісбаев енді рұқсат етілген шеруден тек хабар беріп қана шеруге шығу дегеннің ойға қонбайтынын айтады. Бірақ оның пікірінше Аблязов «тоты құс құсап бір сөзі қайталай беруден жалығар емес: Қазақстанда еркіндік, демократия жоқ, адамдарды бос плакат үшін де темірторға тоғытып жатыр». «Қашқын банкирдің бұл базынасы әлеуметтік желіде бұқараның назарын аударуға әрекет етуде», - дейді Ертісбаев сұхбат барысында.