Жантүршігерлік апат: Ақтөбеде жол бойында 4 адам тірідей жанып кетті
Жантүршігерлік апат: Ақтөбеде жол бойында 4 адам тірідей жанып кетті
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан алты адам қаза тапқан. Оның төртеуі тірідей жанып кетті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай 16 қыркүйекте 3:45-те Самара - Шымкент тасжолының 934-шақырымында Әйтеке би ауданы Белқопа ауылына жақын маңда болған. Mazda Cronos маркалы автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе бағытында кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Mazda көлігінде өрт шыққан: газ баллон агрегаты жарылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel Vectra автокөлігінің жүргіщушісі Әйтеке би аудандық Орталық ауруханасына жеткізілді, ал оның жары мен ұлы оқиға орнында қаза тапты. Mazda жүргізушісі, оның жары, ұлы мен немересі көлік салонында жанып кетті.
«Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр», - делінген хабарламада.