"Онсыз да сіздер солай атайсыздар": Жәнібек өзіне лақап ат таңдады
"Онсыз да сіздер солай атайсыздар": Жәнібек өзіне лақап ат таңдады
Ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой боксшы (7-0, 2 КО) Жәнібек Әлімханұлы енді рингке Qazaq style лақап атымен шығады.
«Кәсіпқой бокста әр боксшының лақап аты бар. Біреулері лақап атты өзі таңдайды, енді біреулерге жанкүйерлер қояды. Өздеріңіз жақсы білесіздер мені Америкада жанкүйерлер, бапкерлер Qazaq style деп атайды. Қазақстандық жанкүйерлер де осылай атап кетті. Көп ойланбастан лақап атымды QAZAQ STYLE деп атауды жөн көрдік. Онсыз да сіздер солай атайсыздар. Біз жәй ғана ресмилендіріп қояйық. Боксрекке (BoxRec немесе boxrec.com — кәсіпқой боксшылар туралы мәліметтер, рейтингтер сайты) енгізіп қойдық. Бұйыртса QAZAQ STYLE-ды әлемге танытуға бар күшімізді саламыз! Жеңісте жүздесейік!», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасына.
Еске сала кетсек, соңғы айқасында Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы канадалықты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.