Ақ үй Хамза бен Ладеннің өлтірілгенін растады

Ақ үй Хамза бен Ладеннің өлтірілгенін растады

Ақ үй Хамза бен Ладеннің өлтірілгенін растады
ашық дереккөзі
«Әл-Қайда»лаңкестік ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладен АҚШ-тың жүргізген арнайы операциялары барысында өлтірілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған бұл ақпаратты Ақ үй растады. «Әл-Қайда»* жетекшілігіне кіретін Хамза бен Ладен Пәкістан мен Ауғанстан шекарасына жақын аумақта өлтірілген. Операцияның қашан, қайда және қалай болғандығы туралы хабар жоқ. Ақ үй жариялаған мәлімдемеде Хамза бен Ладеннің өлтірілуі «Әл-Қайданың»* жетекші позициясын әлсіретіп қана қоймай, лаңкестік ұйымның өзге де лаңкестік топтармен байланысына кедергі келтіретіні жазылған. Осы жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті Хамза бен Ладен туралы ақпарат беретін адамға миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындайтындарын хабарлаған еді. Ол болса, АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасауға шақырып, ғаламторға аудиожазбалар мен бейнематериалдар жүктеді. Усама бен Ладенді ресми Вашингтон 2001 жылы АҚШ тарихында болған ең ірі лаңкестік әрекетке айыпты деп санайды. «Әл-Қайда»* басшысы 2011 жылы Пәкістанда өлтірілді.