Шамалғандағы апат: Автобус жолаушылары қалай аман қалғандарын айтып берді

Шамалғандағы апат: Автобус жолаушылары қалай аман қалғандарын айтып берді

Шамалғандағы апат: Автобус жолаушылары қалай аман қалғандарын айтып берді
ашық дереккөзі
Шамалған статциясындағы апат кезінде автобус ішінде болған жолаушылар қалай аман қалғандарын айтып берді, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы. "Мен автобустың артында отырдым. Салон лық тола болды. Пойыз жақындап қалды, ал біз әлі іште отырмыз. Бәрі есікті аш, есікті аш деп айқайлады", - дейді автобус жолаушысы. Оның сөзіне қарағанда, пойыз автобусқа жақындай бастаған кезде жүргізушінің өзі үрейленіп, абдырап қалған. Ол артқы есікті ашқан, жолаушылар сыртқа шығып үлгерген, ал жүргізушінің өзі шыға алмаған. Жолаушылардың айтуынша, апатқа ер адам кінәлі емес. "Жүргізуші келгенде алды мен артында көлік кептеліп тұрды. Ортасында қалды, шығатын жол жоқ", - дейді олар. Оқиға куәгерлері сондай-ақ теміржол өткелінде мұндай кептелістер күн сайын болатынын хабарлады. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-тармағы "Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігімен жүру немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Естеріңізге салайық, апат кеше, 15 қыркүйекте сағат 19.08-де Алматы-Шамалған аралығындағы реттелетін теміржол өткелінде болған. № 43 Алматы-Қостанай пойызы "Сетра" жолаушылар автобусымен соқтығысты. Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, автобустың үш жолаушысы ауруханада ауыр халде жатыр.