Шамалғанда пойыз автобусты соғып өтті
15 қыркүйек, 2019 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Шамалғанда пойыз автобусты соғып өтті
Алматы облысында пойыз шойын жол бойында тұрған автобусты соғып өтті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған.
"Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.
Ведомстводағылардың айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталуда.