Алматы облысында пойыз шойын жол бойында тұрған автобусты соғып өтті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған.
«Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», – деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.
Ведомстводағылардың айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталуда.