Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

12 қыркүйек күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында және Атырауда түнде жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Back to top button