13 Қыркүйек, 14:46 539 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Air Astana: Біздегі баға өзгелермен салыстырғанда айтарлықтай төмен

Air Astana әуе компаниясы билет бағасын арзандатпайды. Компания президенті Питер Фостер ұшақ билетінің бағасы ең қымбат емес, тіпті, өзгелермен салыстырғанда айтарлықтай төмен екенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Алыс-жақын шетелдің әуе тасымалдаушыларына қарағанда, біздегі баға бірнеше есе төмен. Ұзақтығы 2-2,5 сағат болатын рейстерде орташа тариф құны – шамамен 45 доллар. Өзге тасымалдаушылардың тарифтерімен салыстырғанда, бұл өте төмен баға болып табылады», –  дейді Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Сонымен қатар, тасымалдаушы әуе керосинінің бағасына да разы. Сондықтан «Эйр Астана» кемінде жыл соңына дейін өзінің баға саясатын ұстануды жоспарлап отыр. Ал мемлекет басшысының тапсырмасын еншілес лоукостердің есебінен орындауды көздеп отырған сыңайлы. Бүгінгі таңда Fly Arystan әуепаркінде небәрі екі әуе кемесі бар. Келесі жылы олардың санын 10-ға жеткізуге уәде етуде. Демек, бюджеттік рейстер саны артады.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тасымалдаушы компаниядағы әуе билеттерінің бағасының қымбаттығын сынға алған еді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында бағаның шамамен үш есеге қымбат екенін айтып, үкіметке жағдайға араласуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар