Жаңалықтар

Түркістан жасыл желекті қалаға айналады

ашық дереккөзі

Түркістан жасыл желекті қалаға айналады

Түркістан облысында «Қазақстан Республикасын индус­трия­­лық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға ар­налған мемл­екеттік бағдарламасы» сәтті іске асырылуда. Бағдарламада «Келешекте индустрияландырудың кейінгі ке­зеңдерінде тиімді қазақ­стандық өндірушілердің өңірлік на­рықтарға жаппай шы­ғуына және орнығуына қолдау көрсетіледі. Бизнес пен мемлекеттің күш­-жі­­гері Қазақстанның индус­трия­лық-техно­ло­­гия­лық көшбасшы ел­дер­дің қа­та­рына кіруі қамтамасыз еті­ле­тін бір­неше ба­ғыт­та маман­да­нуын қалып­тас­тыру мен бе­кітуге, сон­дай-ақ, сұ­ранысқа ие жаңа тех­ноло­гия­ларды шоғырландыруға мүм­кіндік беретін қолайлы инновациялық ор­таны қа­лып­тастыруды аяқтауға жұ­мыл­ды­рылады. Түркістан облысы Кентау қала­сын­да шаруалардың басы қосылған ауқымды шара өтті. Облыс әкімі Өмір­зақ Шөкеевтің бастамасымен жүзе­ге асқан семинар-кеңесте 1200 бас­қа арналған тауарлы сүт фер­ма­сының кірпіші қаланды. Аталмыш цех Кентау қаласы Шаға ауылында 2020 жылы іске асады. Жобаның құны – 3 652,6 млн теңге.  Ашылатын тұрақты жұмыс орны 100 адамды құрамақ. Жылына 4500 тонна экстра класты сүт өндіру жоспар­ла­нуда. Жиында әр аудан-қаладан әкелін­ген өнім түрлерінен көр­ме болып, азық-түлік белдеуі шең­берінде, су нысандары бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен ауыл шаруашылығы саласы көрсет­кіш­тері таныстырылды. Семинар-кеңес­тің ашы­луында сөз алған облыс әкімі Өмір­­зақ Шөкеев: «ҚР Үкімет тара­пы­нан бекітілген «Түркістан облысының әлеу­мет­тік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында өңірде аграрлық салаға басымдық беріліп отырғандығын атап, бұрын Түркістан жасыл желекті қала болған, соны қалпына келтіруіміз керек. Сондай-ақ, демалыс аймақтарды көбейтіп салуымыз қажет», – деді. Семинар-кеңесте жаңа техноло­гия­лар­ды қолданып, бүгінде мол өнім ал­ған шаруалар өз тәжірибелерімен бө­ліс­ті. Ша­руа­лардың басым көпшілігі су мә­селесінің өзекті екенін айтты. Бү­гінде облыс әкі­мі­нің қолдауымен ке­шен­ді жоспар аясында ағын су мәсе­ле­лерін шешу мақсатында жал­пы құны 29,3 млрд теңге құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталғаны мәлім болды. Жалпы, аталған жоба­лар­ды іске асыру нә­ти­же­сінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі ұлғайып, суармалы жер­лерді су­мен қамтамасыз ету дең­гейі жақ­сарылмақ. Мәселен, Түркістан қа­ласы аумағынан ра­диусы 15 ша­қы­рымда азық-түлік бел­деуі 2 кезеңде интен­сив­ті технология­лар­ды қолдана оты­рып және ғалымдардың сүйе­мелдеуімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63 млрд теңгені құрайтын 7 ірі ин­вес­­тициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәти­же­сінде жыл сайын қосымша 30 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан соң Түркістан облысы әкімі­нің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бас­та­ған жұмыс тобы Мақтаарал, Же­ті­сай және Шардара аудандарының тұр­ғындарымен кездесті. Кәсіпкерлік саласы, инвестиция тарту, экспортты қолдау және т.б. салалар аясында атқа­ры­лып жатқан жұмыстармен бөлісті. Мейіржан Мырзалиевтің айтуын­ша, Түркістан облысы бойынша жалпы 138 мыңнан астам шағын және орта кәсіп­орындар жұмыс істейді. «Прези­дент­тің Жолдауында көрсетілген мін­дет­терге сәйкес, микро және шағын бизнесті 3 жылдық мерзімге салықтан босату тетіктері әзірленеді. Сонымен қатар, об­лыста «қарапайым заттар эконо­ми­касы» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда және Түр­кістан об­лысы нәтижелер бойынша көш бастап тұр», – деді облыс әкімінің орынбасары. Сапардың соңғы нысаны Шардара ау­даны, Алатау батыр ауылында ор­наласқан «International Company of Cotton» ЖШС мақта өңдеу зауытының инвестициялық жобасы болды. Инвес­тициялық жобаның сомасы 5,5 млрд теңгені құрайды. Мақта өңдеу зауыты осы жылдың қазан айында іске қосы­лады деп күтілуде. Бір жыл ішінде зауыт мақта талшығына 144 мың тонна мақта өңдейді. 47 мың тонна мақта талшығы өнімдері Қытайға, Сингапур Республикасына және Өзбекстанға экспортталады.

Тоғжан Төлеген

Түркістан облысы