Қазақтың қарадомалақтары «Реал Мадрид» ойыншыларымен кездеседі

Қазақтың қарадомалақтары «Реал Мадрид» ойыншыларымен кездеседі

Қазақтың қарадомалақтары «Реал  Мадрид» ойыншыларымен кездеседі
ашық дереккөзі
Алматыда BAURZHAN қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасында футболдан республикалық турнир өтуде. Еліміздің 10 аймағынан келген 12 команда «Арманыңа ұмтыл» қайырымдылық қорының чемпионы атануға барын салып жатыр. Өйткені үздік деп танылған команда Испанияға баруға жолдама алады. Онымен қоймай атақты «Сантьяго Барнабео» стадионын көріп, көпшілік көзайымына айналған «Реал Мадрид» ойыншыларымен кездеседі. Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мұрындық болған шара осымен жетінші жыл қатарынан өт­кізілуде. Осыған дейін же­ңіс­­­ке жеткен балалар үйі­нің тәр­биеленушілері әр жылдары «Барселона», «Милан», «Бавария», «Атлетико Мадрид», «Чел­си», «Пари Сен-Жермен» клубтарына барып, Месси, Робен, Торрес, Неймар секілді талантты ойыншылармен кездескен. Биылғы жеткіншектер­дің арманы орындалса Сер­хио Рамос, Лука Модрич, Иско, Тони Кроос, Эден Азар сынды «Реал жұлдыздарымен» жүзбе-жүз отырып сұхбаттаспақ. Ұйымдастырушылардың сөзінше республиканың түк­пір-түкпіріндегі балалар үйі­нің тәрбиеленушілері осы тур­нир­ді асыға күтетін көрінеді. Өйткені ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар футбол арқылы өз армандарының орындалатынына шек­сіз сенім­мен келеді.