ОҚО әкімі Елбасы Жолдауын іске асыруды қолға алды

ОҚО әкімі Елбасы Жолдауын іске асыруды қолға алды

ОҚО әкімі Елбасы Жолдауын іске асыруды қолға алды
ашық дереккөзі
ОҚО әкімі Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша облыс активімен кездесті Өңір басшысы Б.Атамқұлов облыс активімен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асуын талқылады. Жиында аймақ басшысы  Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетіп, өңірлік дамудың болжамды нәтижесін баяндады. «Президент әлемдік дағдарысты еңсеру үшін Қазақстанда қол жетімді мүмкіндіктерді байыпты талдауды ұсынды. Елімізде бүгіннің өзінде стратегиялық бағдарламалар жүзеге асуда, олар өз кезегінде шикізат ресурстарына деген тәуелділіктен арылтады»,- деді Б.Атамқұлов. Өңір басшысы сондай-ақ облыс экономикасының тұрақты өсіп отырғандығын тілге тиек етті. «Қазірдің өзінде облысымызда бірнеше ірі жобалар іске асып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда экономикадағы жалпы өнім көлемі 1,2 пайызға артып отыр»,- деп мәлімдеді өңір басшысы. Биылғы жылдың 9 айында 523,4 млрд. Теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды. Ауылшаруашылығы саласында да елеулі өсім байқалып, агрокәсіпорындар кешенімен 300 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға сәйкес келеді. Көлік және байланыс салаларындағы табыс көлемі тиісінше 105,1 және 102,5 пайыз болып отыр. «Мемлекет басшысы инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмысты одан әрі жүргізуді тапсырды. Өңірімізде бұл жұмыстарға айрықша көңіл бөлінуде»,- деп жалғастырды Б.Атамқұлов. IMG_7934 Осы орайда ұлттық компаниялармен 9,8 млрд. теңгені құрайтын 529 келісімшарттар түзілді. Нәтижесінде өңірдің негізгі инвестициялық капиталының көлемі 323,3 млрд. теңгеге жетіп отыр. Шетелдік капиталдың қатысуымен құны 1,7 АҚШ долларын құрайтын 29 жоба іске асты. Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Түркия, Оңтүстік Корея елдерінде іс сапармен болды. Мұндай сапарлар алдағы уақытта Ресей, Малайзия, Сингапур, Франция, Германия елдерінде жалғасын таппақ. Оңтүстік Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осы бағытта агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен инновацияларды ендіруге айрықша назар аударылып отыр. «Өзіміз өндіретін ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бақша, көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын заманауи қоймалар салуымыз қажет. Осы мақсатта Шымкентте ірі сауда-логистикалық орталығын салу жоспарлануда»,- деді облыс әкімі. Өңір басшысы атап өткендей, сауда-логистикалық орталығының жалпы көлемі 90 га. асады. Кешенде халықаралық стандарттарға сәйкес «А» және «Б» сыныпты ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын заманауи қоймалар салынбақ. Мұндай қоймалар алдағы уақытта Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Түркістан қаласында салынады деп жоспарлануда. Б.Атамқұлов халықты жұмыспен қамту мәселесі де жергілікті биліктің ерекше назарында болатынын жеткізді. «Мемлекет Басшысы Жолдауда жаңа жұмыс орындарын ашу міндетіне ерекше көңіл бөлді. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде өз деңгейінде атқарылып келеді. Атап айтқанда, тоғыз ай көлемінде 51 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтылып отыр. Оның ішінде 36,4 мың азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты»,- деп атап өтті өңір басшысы. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері 194 млн, теңгені құрайтын 228 жоба мақұлданды, бұл өз кезегінде 1622 жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізді. Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша жиында сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан, «Қазақстан» РТРК облыстық филиалының директоры У.Қыдыр, облыстық славян этномәдени қоғамдық ұйымының мүшесі А.Шолгина, облыстық кәсіпкерлік мектебінің директоры Б.Дүйсебеков сөз алып, өз ойларын білдірді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі