6 несиесі бар: Нұр-Сұлтанда көпірге шығып алған азаматтың көздегені не?

6 несиесі бар: Нұр-Сұлтанда көпірге шығып алған азаматтың көздегені не?

6 несиесі бар: Нұр-Сұлтанда көпірге шығып алған азаматтың көздегені не?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Есіл өзені бойындағы көпірге шығып алған ер адамның видеосы тарады. Нұр-Сұлтан әкімдігінің мамандары ел назарын өзіне аударған азаматтың кім екенін және мұндай әрекетке не себепті барғанын айтты. Әлеуметтік даму бөлімінің басшысы Талғат Рахманберді 1991 жылы туған ер адамның үш рет қалалық әкімдікке жүгінгенін айтты. «Бүгінге дейін қала тұрғыны әкімдікке тұрғын үй немесе жер телімін бөлуге көмек сұрап үш рет жүгінді. 9 қыркүйекте «Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО-ға жұмысқа орналасуға және баспана алуға көшу туралы келісімге келген. Алайда, бүгін, 12 қыркүйекте, азамат құжаттармен келмеген, ал біздің келісім бұзылған», - деп атап өтті Талғат Рахманберді. «Бұрын біз оның жалдамалы баспана төлемін және кейбір мәселелерін шешкен болатынбыз. Бүгінгі таңда оның жалпы құны 1,3 миллион теңге болатын алты несиесі бар екенін білеміз. Азамат ауырмайды, жанұясы, екі баласы бар. тұрақты жұмыс болды, ол жерден жағымсыз себептермен шығарылды», - деп толықтырды ол. Бұған дейін белгісіз ер адамның Есіл өзені бойындағы көпірге шығып алған видеосын жариялаған едік.