Елордада «Адами өлшем бойынша диалог алаңының» кезекті отырысы өтті

Елордада «Адами өлшем бойынша диалог алаңының» кезекті отырысы өтті

Елордада «Адами өлшем бойынша диалог алаңының» кезекті отырысы өтті
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның (ККО) «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» кезекті отырысы өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыстың ашылуында Ү. Сүлеймен қатысушыларға Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы, оның ішінде азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты шараларды қарастыратын ақпарат берді. ККО қатысушылары азаматтық қоғамның Қазақстан мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл формаларын жетілдіру мәселелері мен перспективаларын, ұлттық құқық қорғау тетіктерін одан әрі нығайту мүмкіндігін, Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің ұсынымдарын іске асыру қорытындыларын талқылады. Сонымен қатар, Қазақстанда өмір сүру құқығын қамтамасыз ету мәселелері туралы зерттеудің тұсаукесері өтті. Күн тәртібіндегі барлық тармақтарды талқылау мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен өтті. Бұл екі тараптың ашық және пәндік диалог пен ынтымақтастыққа дайын екендігін тағы да көрсетті. Азаматтық сектор Үкіметті штатты кеңейту және адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі омбудсмендердің қызметін қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ККО мен ұлттық қоғамдық сенім Кеңесі арасындағы қызметті үйлестіру қажеттілігі туралы уағдаласты. Айта кету керек, ККО «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» СІМ жанында 2013 жылдан бастап жұмыс істейді және қазақстандық ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар мен ҚР мемлекеттік органдарының кең ауқымын тарта отырып, Құқық қорғау тақырыбының аса өзекті мәселелерін талқылау және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін алаң ұсынады.