Жаңалықтар

«Nur Otan»  қолдауымен өтетін айтыстар «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі

ашық дереккөзі

«Nur Otan»  қолдауымен өтетін айтыстар «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі

«Nur Otan» партиясы, «Qazaqstan» РТРК және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үшжақты келісімге сәйкес, жыл соңына дейін «Nur Otan» партиясының қолдауымен еліміздің бірнеше аймағында өтетін барлық айтысты «Qazaqstan» телеарнасына ақпараттық сүйемелдеуге, яғни, сөз аламанын түсіруге және эфирге шығаруға құқық береді.  

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұған дейін өзінің Instagramпарақшасында «Nur Otan» партиясыныңдоктринасында қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту қоғамдық бірлестіктің стратегиялық басым бағыттарының бірі екені туралы айтқан-ды. Осы орайда,  «Nur Otan» дарынды шығармашыл жастарды қолдай отырып, төл өнеріміз бен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді.