Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына орай халықаралық ән байқау өтеді

Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына орай халықаралық ән байқау өтеді

Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына орай халықаралық ән байқау өтеді
ашық дереккөзі
Алматыда КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына орай ән байқауы өтеді. Халықаралық сайыста әлемнің 10 елінен 56 әнші бақ сынамақ. Қатысушылардың өнерін Франция, Ресей, Италия, Чехия сынды елдерден келген қазылар алқасы бағалайды. Оған қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова төрағалық етеді. Үздік орындаушыны анықтайтын музыкалық дода 14 қыркүйекте басталады. Сайыс қазақ халқының мақтанышы, күміс көмей әншінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. «14 қыркүйектен бастап сайыскерлер келеді. 15 қыркүйекте жеребе тасталады. Жыл сайын осы Қазақстанда болғаннан кейін ұлттық нақыштағы кәдесый қоямыз. Бірінші рет «Алтын адам» болды, халықаралық көрмеде 2017 жылы көрменің символын бердік. Енді алтын асық бердік», – деді КСРО және Қазақстанның Халық артисі Бибігүл Төлегенова.