Елге аянбай еңбек ететін уақыт келді

Елге аянбай еңбек ететін уақыт келді

Елге аянбай еңбек  ететін уақыт келді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы келешекке сеніммен қарышты қадам  бастыратын жаңа бастама ұсынды.  Еңбек өнімділігін арттыра отырып, әлемдік сұраныстағы жаңа нарықтарға шығу, экспортты толықтыру, экономикалық тұрақтылық пен жаңа жұмыс көздерін ашу, қолда бар қаражатты үнемдеп, халық игілігіне жұмсау, қазынаны мейлінше жауапкершілікпен жұмсау да  маңызды ба­ғыттар ретінде айтылды. Еңбек на­ры­ғын жаңғырту арқылы мемлекеттік – жекеменшік басқару құрылымын қолдау жолға қойылса, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік салалар­дың қар­қынды дамуы сынды өзекті мәсе­ле­лердің шешімін табатындығын тілге тиек етті. Нақтыланған бағдар­ла­малар шең­берінде әр өңірде кәсібін нәсіпке айналдырар салықтық жеңіл­дік­тер халық әлеуетін көтерері хақ.  Бар­лық өңірдегі бос жұмыс орындары көрсетілген бірыңғай онлайн плат­форма-жүйелілігі айқын­дал­ған ашық қоғамның көрінісі. Өркениет  көшіндегі елдер үшін «ең­­бек» пен «білім» ұғымдары –  бір-бірі­нен ажырағысыз құндылықтар.  Ашы­ғын айту керек, Жолдауда басым­дыққа ие болған адами капиталдың сапалық өсуі бойынша мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау ұшан-теңіз. Оған баршамыз да күнделікті өмірде куә болып жүрміз. Десек те, атқарылар шаруа да көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлының халыққа жолдаған жол­дауы­ның төртінші тармағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бағыты болды. Онда мектеп қабырғасынан бастап, маман болып еңбекке араласу уақы­тын­дағы кезеңдердегі кемшіліктер мен олардың шешілуі түйінделді. Жыл сайын білім сапасының солқылдақтығы, маман­дықты айқындамау, кәсіби ба­ғыт-бағдардың төмендігінен 21 мыңға жуық мектеп түлегі замана көшіне ілесе алмай жатады екен. Оның басты себептерінің бірі «Мамандар дайын­дау­дың отандық жүйесі нақты еңбек на­ры­ғынан тыс қалған», – деді Президент. Оқу орны түлектерінің де жұмысқа орналаса алмауының бір тармағы осында жатыр. Өңірлердегі маман қажеттілігі сараланбай, оқу орындарына мыңдаған нәтижесіз гранттардың бөлінісі осы­ның айғағы. Бұл бағытта да жауапты министрлікке нақты міндет жүк­тел­ді. Ауыл мен қала арасында айыр­ма­шылықты болдырмау, білім сапасын теңестіруі де күн тәр­тібіндегі келелі мәселе. Сол бағытта сапалы білім, жауапты ұстаздың санын ауылда арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағ­дарламасын ізгілендіріп, бюджеттен 20 миллард теңге бөлінуі сөздің нәтижесі. Нарық заманында кәсіп ашам деген әр жанға ел еңсесін тіктегелі нәсібі де беріліп келеді. Шағын несиемен өз ісін дөңгелетіп отырған тұрғын аз емес. Шалғай ауылдар мен аудандардағы көп адам нәпақасына осылай күндерін көріп отыр. Президент көтерген бас­та­мадағы бір бөлім – кәсіп ашамын деген әр жанға қолдау беріп, салықтан босату. Сайып келгенде елдің әлеуеті мен әлеуметтік жағдайына зор бастама берілді. Орайы келген орамды ойдың бірі – тұрғын-үй жайы. Отбасының аяқтан тұрып , көшпен бірге көсіле жүруінің негізі тұсы – пәтер жағдайы. Тұрғын үйге сұраныс та, салмақ та азаймай тұрғаны анық. Аз табыс, түсім мар­дым­сыздығы көп еңсені көтерте алмай жатыр. Осы тұрғыдан «үйім болсын» деген көп жанның үмітіне от жаққан бастаманың бірі – зейнетақы қорының бір бөлігін пайдалы іске жұмсау. Үкімет жыл аяғына дейін аталмыш мәселені жан-жақты зерделері хақ. Түмен ойдың түйіні бар. Негізгі қа­ғи­дасы нәпақаны еңбектен ғана іздеу­ге, басты орынға әділдік пен адалдық, сапа ұғымдарын қоюға шақыратын бұл Жолдауда  қамтылмай қалған сала жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­ның алға қойған биік мақсаттарды бірлесе жүзеге асыру – біздің еншіміздегі  мерейлі міндет әрі азаматтық парызымыз.

Бақытгүл ХАМЕНОВА

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшесі.