Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің Төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің Төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің Төрағасымен кездесті
ашық дереккөзі
Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланды. Екі тарапта аталмыш қарым-қатынастың жұмысын оң бағалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшуды ҚХР-дың 70 жылдық мерекесімен құттықтап, Қытайға мемлекеттік сапары барысында жасалған өзара тиімді уағдаластықтар жөнінде айтты. – Кешегі келіссөздер сәтті өтті. Қытай Қазақстанның үлкен көршісі. Сондықтан біз екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастығымызды ескере отырып, Төраға Си Цзиньпинмен Бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Онда біздің әріптестігіміз стратегиялық және ұзақ мерзімді мәнге ие екені көрсетілген. Бұл сапарымның қорытындыларына қанағаттануға барлық негіз бар,– деді Президент. Мемлекет басшысы екі елдің парламентаралық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту перспективалары туралы айта келіп, осы жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия парламенттері спикерлері IV кеңесінің маңыздылығын да атап өтті. – Сіздің Қазақстанға үш рет келгеніңізді білемін. Жақын арада сіз Қазақстанға қайта барасыз. Бірақ бұл сапарыңыз Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің Төрағасы ретінде болатындықтан, оның жөні де бөлек болмақ. Біз сіздің сапарыңызды зор ықыласпен күтеміз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ли Чжаньшу Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оның Си Цзиньпинмен келіссөздерінің нәтижелі өткеніне тоқталды. – Кеше Сіз бен Төраға Си Цзиньпиннің арасында сенімді әрі жемісті келіссөздер болды. Кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті. Соның нәтижесінде Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Онда екі көшбасшы да тараптар стратегиялық әріптестікті дамытады деп мәлімдеді. Осылайша, сіздің Қытайға сапарыңыз үлкен жетістікпен аяқталды. Ал Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жаңа тарихи кезеңге өтті,– деді Ли Чжаньшу.