Апталық аясында «Патша – сөздің Фаризасы» атты ғылыми-практикалық конференция да өтті. Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева конференцияға арнайы қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды.
Фариза Оңғарсынова Атырау топырағының төл перзенті, өңіріміздегі білімнің қара шаңырағы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетнің алғашқы түлектерінің бірі. Ол қарымы мол талант иесі, сөз өнерінің кемеліне жеткен суреткер. Фариза шығармашылығының бүкіл болмысын, ерекшелігін, қасиеттерін жеткізіп айту өте қиын. Қазақтың қыздар поэзиясының өсіп-өркендеуінің, биік деңгейге жетуінің айқын дәлелі де осы. Оның жырлары мәңгі жасайды, - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева.