Жаңа маусым! Жаңа белес!
Жаңа маусым! Жаңа белес!
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Astana Media Week» апталығы аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа 2019-2020 жылғы телевизиялық маусым өнімдерінің таныстырылымын өткізді.
«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай ұлттық арнаның 61-ші маусымы ашылатынын еске салды және жаңа жобалар жөнінде баяндады.
«Біз бірінші кезекте тікелей эфирде, боямасыз, көпшіліктің қатысуымен өтетін жобаларды көбейттік. Мақсат - талапшыл да сыншыл аудиториямыздың сұранысына жауап беру. Мысалы, дәл бүгін қоғамда қызу талқыланған мәселені күн сайын кешкісін сағат 20:30-да Ұлттық арнада тікелей эфирде шығатын «Ashyq alañ»-нан көре аласыздар. «Ashyq alañ»-да қоғам өкілдері мен Үкіметтің түрлі буындарындағы жауапты тұлғалар кездесіп, мәселені ашық талқылайды. Бұған көрермендеріміз белсенді түрде атсалысып жатыр», - деді Корпорация басшысы.