Қасым-Жомарт Тоқаев: Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық

12 қыркүйек, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев: Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаларға лайық екенін айтты. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. «Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық», деп жазды Қазақстан Президенті.