Партия өтініші бойынша Жоғарғы сот өкілдері сотқа жүгінгендерді қабылдады

Партия өтініші бойынша Жоғарғы сот өкілдері сотқа жүгінгендерді қабылдады

Партия өтініші бойынша Жоғарғы сот өкілдері сотқа жүгінгендерді қабылдады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының өтініші бойынша Жоғарғы соттың төрағасы А. Жақыповтың тапсырмасы мен Жоғарғы соттың өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлерден келген сотқа жүгінгендерді қабылдады. Партиядан көмек сұрай келген азаматтардың бірі – атыраулық Шыныбек Құшалиев. Атырау облыстық экономикалық сотының шешіміне шағымданып келген азамат 5 млн теңге шығынға батқанын айтады. Оның сөзінше, атқамінерлер жалған құжат арқылы азаматтан қомақты қаражат өндіріп алыпты. Сот шешіміне наразы кәсіпкер 5 жылдан бері істің ақ-қарасын анықтап беруді сұрап жүр. Ал Шыныбек Құшалиевтің арызын тыңдаған жоғарғы сот өкілдері істі әділ қарауға уәде берді. Республикалық қоғамдық қабылдау бөліміне келгендердің жартысынан астамы алаяқтық әрекеттің құрбаны болғандар. Сот өкілдері де елімізде қылмыстың осы түрі азаймай отырғанын растап отыр. Айта кетейік, мамандар бір ай ішінде қылмыстық іске қатысты 40-қа тарта адамның өтінішін қабылдайды. Соның нәтижесінде айына 5 адамның мәселесі оң шешімін табуда. Судьялар қоғамдық қабылдау алаңында азаматтармен жүргізілетін жұмысты әрі қарай жалғастыратын болады. Ал бұл жолы Жоғарғы сот өкілдері партияның қоғамдық қабылдау алаңына бірінші рет келді. «Соттың шешімімен келіспеушілік танытып, 27 адам «Nur Otan» партиясына өзінің талаптарын айтып келген болатын. Осыған байланысты Жоғарғы сот өкілдерін біздің алаңға шақырып, қабылдау  өткізіп, ұйымдастырып жатырмыз», – деді «Nur Otan» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Арыстанғали Сансызбаев. Партия бұған дейін де азаматтардың арызын ескеріп, ведомство өкілдерін қоғамдық қабылдау алаңына жиі шақырады. Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрлігі екі айда бір рет «Nur Otan» партиясының алаңында халықпен кездесіп, олардың базынасын тыңдайды.