Қазақстан қыздар командасы су добынан әлем чемпионатына қатысады
Қазақстан қыздар командасы су добынан әлем чемпионатына қатысады
9-15 қыркүйек күндері Фуншалда (Португалия) су добынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан қыздар командасы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлем біріншілігінде командалар 4 топқа бөлінген: А, B, C, D. «А» группасы - Венгрия, Австрия, АҚШ, Жапония. «B» группасы - Бразилия, Голландия, Испания, Қазақстан. «C» группасы – Греция, Жаңа Зелендия, Канада, Қытай. «D» группасы – ОАР, Италия, Португалия, Ресей.