11 Қыркүйек, 10:53 206 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Соңғы 8 айда көмір өндірісі 3 пайызға төмендеді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Өнеркәсіп өндірісі ағымдағы жылғы 8 айда 3,2 пайызға дейін жылдамдады. Өсу қарқындары бойынша өңдеу өнеркәсібі кен өндіру өнеркәсібінен озық. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте, сусындар өндіруде, фармацевтикада екі мәнді ұлғаю байқалды. Кен өндіру өнеркәсібінде өсу қарқыны 3,1 пайызға дейін үдеді. Негізінен металл кенін және мұнай өндіруді ұлғайту есебінен. Көмір өндіру бойынша жағдай айтарлықтай жағымды емес. Осы жылғы қаңтар-тамызда өндіріс көлемінің қысқаруы жалғасты. Төмендеу 3 пайызды құрады», - деді Руслан  Дәленов.

Оның атап өтуінше, құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 11,8 пайызға өсті. Өнеркәсіп нысандарын, автомобиль жолдарын, газ құбырларын  салу жұмыстары ұлғайды. Сондай-ақ, ірі зауыттарда құрылыс-монтаждау жұмыстары артты.

«Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,6 пайызға ұлғайды. Өсімдік шаруашылығы 3,9 пайызға, мал шаруашылығы 3,5 пайызға өсті. Ағымдағы жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша дәнді дақылдар себу алаңдарының 29,8 пайызы жиналды. Өнімділік гектарына 11,5  центнерді құрады», - деді министр.

Тэгтер көмір

Соңғы жаңалықтар