Ерболат Досаев: экспорттың ұлғаюы бағаны көтерді
Ерболат Досаев: экспорттың ұлғаюы бағаны көтерді
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында базалық мөлшерлемені көтеру туралы, сондай-ақ, инфлияция деңгейі мен азық-түлік бағасының тұрақтылығы жайында кеңінен сөз болды.
Оның айтуынша, биылғы жылдың тамыз айында жылдық инфляция 5,5 пайыздық деңгейді ұстап тұрған. Яғни, тұтынушылық сұраныстың артуы мұның әрі қарай да (5,7-5-8 пайызға) өсуіне әкелуі мүмкін. Ал 2020 жылы инфляция баяулап, 4,6 пайыздық деңгейде болады деген болжам бар. Бұл тұрғыда құрылы
Алайда, Ұлттық банк төрағасы еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауына экспорттың ұлғаюы себеп дейді. 2018 жылдың желтоқсанынщда 5,1 пайыз болса, бағаның жылдық өсуі 9 пайызды құрады. Демек, сыртқы сұраныстың артып, ішкі ұсыныстың төмендеуі барысында ет, нан-тоқаш өнімдері мен жарманың бағасы өсті. Ал казық-түлікке жатпайтын тауарланр бағасы жылдық көрсеткіш бойынша 5,7 пайыздық қалыпты өсу қарқынын ұстап отыр (2018 жылғы желтоқсанда 6,4 пайыз болған).
Ұлтық банк төрағасы Ерболат Асқарбекұлы халық арасында жүргізілген сауалнама бойынша, респонденттердің 60 пайызы алдағы бір жыл ішінде инфляцияның ағымдағы деңгейінің сақталуын немесе төмендеуін күтеді. Олар алдағы 12 айда инфляция 5,3 деңгейінде болады деп бағалауда.
Ұлтты Банктің бағалауы бойынша, 2019 жылы Қазақстанның экономикалық өсуі 3,8 пайыз. Бұл көрсеткіш экономиканың біршама баяулағанын көрсетсе, 2020 жылы салыстырмалы жоғары – 3,5 пайыз болады деп болжанған.
Сондай-ақ, биыл мұнай бағасы біршама төмендеді. Жыл басынан бері бағаның орташа деңгейі BRENT маркалы мұнайдың бір баррелі үшін 65 АҚШ доллары болды. Ал былтыр 72 АҚШ долларын құраған. Соңғы айда мұнай бағасы құбылмалы болып тұр. Биыл шілденің ортасынан бастап мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-та сұраныстың азаюына және өндіру көлемінің артуына байланысты құлдырай бастады. Бұл әлемдік мұнай қорының өсуіне алып келеді.
Тағы бір айта кетерлігі, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев екі жылдан кейін, яғни, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық банктің де елорда төріне көшетіндігін айтты. «Бұл тақырып бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Банктің Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударатын мерзіміне қатысты Мемлекет басшысы шешім шығарды. Ұлттық банкті қайта құру кезінде дербес орталық мемлекеттік институт ретінде бөлініп шығатын, Президентке тікелей бағынышты болатын қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі Алматыда қалады деп айта аламын. Қаржылық нарықтың дамуына жауап беретін тарихи статусы бар реттеуші Қаржылық институттарға жақын болғаны дұрыс. Алматының қаржылық орталық ретінде мәртебесі жоғалмайтынына сенімдімін», – деді Ерболат Досаев.