Жаңалықтар

Мемқызмет: қандай мамандарды қысқарту күтіп тұр?

ашық дереккөзі

Мемқызмет: қандай мамандарды қысқарту күтіп тұр?

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерін қысқарту жұмыстары 2020 жылдан басталып, 2024 жылға дейін жалғасады. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Мырзалиев мемқызметте қалу үшін мамандар қандай қасиетке ие болу керегін айтты. Ғалымның айтуынша, қысқартудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тиімді ету. Сол арқылы бюджетті үнемдеп, қызметкерлердің еңбекақысын көтеру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында тиімсіз кадрларды қысқартып, одан үнемделген қаржыны пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағыттау керек деген болатын. Қысқарту 2020 жылдан басталады. 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылар саны 25 пайызға қысқарады. «Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін көтеруде, ең бірінші мәселе – халықпен жұмыс істесе білу. Халықтың бір бөлігі мемлекеттік қызметшілердің қызметіне көңілі толмайды. Мемлекеттік қызметшілердің халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі қарым-қатынасын айта беру керек. Өйткені кез келген мемқызметші халықтың өкілімен сөйлесе алмаса, көңілінен шықпайтын болса, ондай мемқызметшіден келешекте басшы шығуы мүмкін емес», – дейді Бораш Мырзалиев.