Жаңалықтар

Президент Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

ашық дереккөзі

Президент Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты. Аталған қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.