Арыс қаласында 259 жаңа үй салынды

Арыс қаласында 259 жаңа үй салынды

Арыс қаласында 259 жаңа үй салынды
ашық дереккөзі
9 қыркүйекке дейін Арыс қаласында 7413 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 243-інде косметикалық жөндеу жұмыстары жалғасуда,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Құрылысшылар 259 жаңа үй тұрғызды, оның 136-да әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйді жөндеу Арыстың 11 секторында, ал жаңа үйлердің құрылысы 8 секторда аяқталды.  Сонымен қатар, құрылыс алаңдарында 4,2 мың жұмысшы еңбек етуде. Бүгінгі таңда әскери полигонда жарылыстан зардап шеккен 68 әлеуметтік нысанның 62-і қалпына келтірілді. сондай-ақ Құрылысшылар 322 бизнес-нысанды пайдалануға тапсырды. Қаланы қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасады.