"Канело" ресейлік боксшымен жұдырықтасатын болды

"Канело" ресейлік боксшымен жұдырықтасатын болды

"Канело" ресейлік боксшымен жұдырықтасатын болды
ашық дереккөзі
Мексикалық боксшы Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев 2 қарашада жекпе-жек өткізуге келісті. Кездесу Лас-Вегаста өтеді. Боксшылардың жекпе-жегі жайлы келесі аптада ресми түрде хабарланады. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтеді. Айта кетейік, тамызда Ковалев британиялық Энтони Ярдке қарсы жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы белбеуін қорғап қалған еді. Жекпе-жектен кейін Ковалев жартылай орта салмақта WBA және WBC белбеулерінің иегері мен екінші орта салмақта WBA тұрақты чемпионы Сауль Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.