Жаңалықтар

Малахов Димаштан кешірім сұрады

ашық дереккөзі

Малахов Димаштан кешірім сұрады

Андрей Малахов ресейлік "Привет, Андрей!" шоуының қонағы Димаш Құдайбергеновтен кешірім сұрады.  Бағдарлама жүргізушісі қазақстандық әншіні "жаңа секс-символ өкілі" деп айтқаны үшін кешірім сұраған. "Менің Instagram парақшам "жарылып кетті". Маған "Қалай сіз оны олай атадыңыз, ол - ұлттық мақтанышымыз, қайдағы секс-символ? Ол сіздерде, Ресейде солай..." деді. Сені (солай айтқаныма) кешірім сұраймын", - деді тележүргізуші. Бағдарлама барысында Димаш Қазақстанда Славян базары байқауының арқасында, ал әлемдік деңгейде I'm singer жобасының арқасында танымалдығы артқанын айтқан. Жеке өмірі туралы сұраққа жауап бермейтінін мәлімдеген.