Б.Байбек: Жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық

Б.Байбек: Жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық

Б.Байбек: Жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында айтыссүйер қауыға сүйінші жаңалығымен бөлісті. «Айтыссүйер қауымға жариялар сүйінші хабарымыз бар. Таяу күндерде «Nur Otan» партиясының қолдауымен Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаны басталады. Бұл - айтыс десе арқасы қозып, рухы асқақтайтын қазақ үшін орны бөлек мереке. Сондықтан, Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ Елбасы ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдени қазынасын түгендеуге, оларды заманға сай түлетіп, жаңғыртуға ерекше ден қойды. Халық өнерінің өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жандарға жол ашты. Елбасының тікелей бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» жобасында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында да ұлттық рухани мұрамызды, құнды жәдігерлерімізді, спорттық ойындарымыз бен өнер сайыстарын түгендеп, дамытуға ерекше мән берілген. Елбасы негізін қалап, көшбасшылық жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясының доктринасында да қамтылған басты құндылықтарымыздың бірі – отбасы мен дәстүр. Онда «қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту - біздің стратегиялық басымдығымыз» екені нақты көрсетілген», - деп жазды Бауыржан Байбек. Хабарланып отырғандай, «Nur Otan» партиясы жыршы-термешілерге, айтыс өнері мен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді. «Ежелден «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, хан алдында дат айтып, еркін ойға ерік берген, баршаға бірдей теңдік берген елміз. Сондықтан ұлтымыздың осындай озық өнерін, ізгі дәстүрлерін жалғастыру бізді кемелдендіре түседі. Осыған орай партия Төрағасының бастамасымен қайта жаңғыруға кірісіп, екінші тынысы ашылып отырған саяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр. Осы мақсатта біз партия қолдауымен жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық. Биылдың өзінде жыл соңына дейін бес айтыс өткіземіз. Баршаңызды алда өтетін осынау арқалы ақындардың сөз сайысына келіп, өрелі өнерімізді тамашалауға шақырамын», - деп жазды Бауыржан Байбек.