Қазақстанның Майндағы Франкфурт және Джидда қалаларында Бас консулдары тағайындалды
Қазақстанның Майндағы Франкфурт және Джидда қалаларында Бас консулдары тағайындалды
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы қызметіне Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев тағайындалды. Ол 1976 жылы 8 қазанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген. Сондай-ақ Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль техникалық университетінің магистратурасын Еуропалық зерттеулер мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының түлегі. Дипломатиялық қызметін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 2001 жылы Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесінен бастады.
Қазақстанның Джидда (Сауд Арабиясы) қаласындағы Бас консулы Талғат Рахымкұлұлы Шалданбай болды. 1967 жылы 2 шілдеде Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі оқытушысы мамандығы бойынша және 2000 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын үздік бітірген. Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы СІМ Консулдық басқармасының референті қызметінен бастады. Одан әрі осы басқармада атташе және кейін үшінші хатшы лауазымында жұмыс істеді. 1996 жылы Сауд Арабиясындағы ҚР Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді. 2000-2002 жылдары СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінде екінші хатшы болып жұмыс істеді. 2002-2007 жылдары Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығында екінші және бірінші хатшы және БАӘ-дегі ҚР Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарды.