Соңғы төрт айда 2743 көп балалы отбасына үй берілген

Соңғы төрт айда 2743 көп балалы отбасына үй берілген

Соңғы төрт айда 2743 көп балалы отбасына үй берілген
ашық дереккөзі
Қазақстанда ағымдағы жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін барлық қаржыландыру көздерінен 2743 көп балалы отбасы жалға берілетін тұрғын үйдің кілтін алды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеттің мәліметтері бойынша, ең көп жалға берілетін пәтерлер Шығыс Қазақстан облысында (366) берілді, екінші орында көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Павлодар облысы (323), үшінші орында Алматы қаласы (322) тұр. Ал еліміздің батыс өңірлерінде Ақтөбе облысында 31, Батыс Қазақстан облысында 42 және Маңғыстау облысында 9 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталған.