Жастарға жалдамалы пәтерлер қалай беріледі?

Жастарға жалдамалы пәтерлер қалай беріледі?

Жастарға жалдамалы пәтерлер қалай беріледі?
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз  тұрғын жайды жалға беру қағидаларын бекітті. Бекітілген қағидаға сәйкес, өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын жайды алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1)  осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады); 3) білімі туралы құжаттың көшірмесі; 4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 5) балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса); 6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама; 7) жұмыс орнынан анықтама; 8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама; 9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; 10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді; 11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса). Балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: 1)        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге –10 балл; 2) отбасы болған жағдайда – 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін – 2 балл; 3) 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл; 4) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл; 5) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл; 6) бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) – 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін – 1 балл; 7) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл. Балдар тең болған жағдайда өтініш берген күннен бұрын өтініш берген үміткерлер басымдыққа ие болады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі.