Мәжілістің Бюро отырысы өтті
Мәжілістің Бюро отырысы өтті
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттарының қарауына Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстандағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялауға арналған заң жобасы ұсынылады.
Бюро отырысында алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бесінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары және бірқатар басқа да мәселелер назардан тыс қалмады.