Бейбіт Атамқұлов Черногория мен Зимбабвенің жаңа елшілерін қабылдады
Бейбіт Атамқұлов Черногория мен Зимбабвенің жаңа елшілерін қабылдады
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырған Қазақстанда қосымша міндетін атқаратын Черногорияның Елшісі Рамиз Башич және Зимбабвенің Елшісі Майк Сангоны қабылдады.
Кездесу барысында СІМ басшысы сұхбаттастарды елдегі саяси және экономикалық өзгерістерімен, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Черногория және Зимбабвемен саяси диалогты дамытуға, экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыруға қызығушылық білдірілді.
Черногорияның Елшісі екі ел арасында түрлі бағыттардағы жылы және достық қарым-қатынастарды, соның ішінде туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар күшін салатынын жеткізді.
Тараптар шарт-құқықтық базаны кеңейту мақсатында келесі жылы саяси консультацияларды өткізуге келісті.
Р. Башич «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесіне (2019 жылғы 23-24 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ.) шақыру үшін алғысын білдіріп, Черногория Парламентінің Төрағасы Иван Брайовичтің қатысуын растады.
Зимбабве Елшісімен кездесу барысында Зимбабвенің Президенті Эммерсон Мнангагваның ағымдағы жылғы қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы ресми сапарының қорытындысы талқыланды. Зимбабве Президентінің сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мақсатында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға келісті, атап айтқанда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық.
Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомствоның басшысы жаңа елшілерге дипломатиялық миссияның сәтті болуына тілек білдіріп, олардың қызметі барысында мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастар дамудың жаңа деңгейіне шығады деген үмітін білдірді.